Меню

Страницы

Статья

Берік Асылов прокуратураның «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыста жалпы міндеттер мен негізгі екпіндер туралы

Берік Асылов прокуратураның «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыста жалпы міндеттер мен негізгі екпіндер туралы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында берген «Мақсат – экономика мен егемендікті ны­ғайту» сұхбатында «Заң мен тәр­тіп» тұжырымдамасын еліміздің құн­ды­лықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру міндет екенін атап өтті.

 

Жалпы, сұрағыңызға жауаптың түп-төркіні «Заң қатал, бірақ бұл – заң» деген ежелгі римдік тәмсілде жатыр. Бұл бүгінге дейін прокуратура саласында да өзектілігі мен өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Яғни қазіргі прокуратура қызметіне жаңа сипат береді дер едім.

 

Заң мен тәртіп – азаматтардың еркін дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іргелі негіз. Қоғамдық тұрақтылық пен адамдардың үйлесімді өмір сүруі заң мен тәртіпсіз мүмкін емес. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қоғамның және әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы болуы керек. Ұлы Абайдың пайымдауынша, заң мен тәртіпсіз өмір болмайды. Заң – әділдікке, рухани тазалыққа апаратын жол.

 

Халықтың өмір сүру сапасы, еркін бизнес, әділ сот төрелігі және мемле­кеттік басқару жүйесінің мінсіз жұмысы құқықтық қарым-қатынастың барлық субъектілері, оның ішінде кәсіпкер­лер, ұйымдар, масс-медиа, ең әуелі, мем­лекеттік аппарат заң мен тәртіпті мүл­тіксіз орындамайынша мүмкін емес.

 

Прогрессивті әлем қоғамда заңға бағынатын мінез-құлыққа және құқық бұзушылықты болдырмауға басымдық беріп жатыр.

 

Мәселен, Финляндияда жол қозғалысындағы бұзушылық үшін қарапайым айыппұл шамамен 100 еуроны құрайды. Ал сот осындай құқық бұзушылыққа жол берген ірі кәсіпкердің материалдық жағдайын ескере отырып, мұндай айыппұл мөлшері оның түзелуіне оң әсерін тигізбейді деп санаса, айыппұлды он есе, тіпті кейде жүз есеге дейін арттыра алады. Осы елде мұндай шешім қоғам тарапынан қолдау тауып жатыр.

 

Сол сияқты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қатаң жаза түрлері өз халқына ғана емес, онда сапарлағанды жаны сүйетін біздің туристерімізге де заңды құрметтеуді үйретеді.

 

Елімізде жасалған қылмыстарға барынша қатаң және қоғамнан оқшау­ламайтын санкциялардың кең жиын­тығы, нақты айтсақ, бостандықты шектеу, қаржылай айыппұл, қоғам­дық және түзеу жұмыстары қарас­тырылған.

 

Мысалы, соттар нақты бас бостандығынан айыруды тек ауыр қылмыстарға тағайындайды. Қазіргі кезде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың 80%-ы – негізінен зорлық-зомбылық сипаттағы және есірткі қылмысы үшін сотталғандар.

 

#Заң_және_Тәртіп

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы