Меню

Страницы

Статья

Соттан тыс банкроттық

Соттан тыс банкроттық

Соттан тыс банкроттық рәсімі-Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.

Яғни, соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беру үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (5,9 млн. теңге) 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай шарттарға сәйкестігі негіз болып табылады:

1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүліктің меншік құқығында болмауы;

2) өтініш берілген күнге, қатарынан 12 ай ішінде оның кредиторлар, коллекторлар алдындағы міндеттемелері бойынша өтеуі болмауы тиіс;

3) борышкерге қатысты банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу немесе өндіріп алу бойынша рәсімдер жүргізілген;

4) өтініш берілген күнге 7 жыл ішінде соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімін қолданбау.

Соттан тыс банкроттыққа өтініш берген күні 5 жылдан астам берешегін өтемеген қарыз алушылар-жеке тұлғалар да жүгіне алады. Бұл ретте аталған шарттар мұндай борышкерге қолданылмайды.

Сондай-ақ, алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы болып табылатын борышкер осы рәсімді қолдану үшін мерзімі өтіп кеткен мерзімді есепке алмай өтініш бере алады.

Өтінішке кредиторлардың атауы, берешек сомасы, орналасқан жері көрсетілген тізімі; борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Район Беимбета Майлина

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы