Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 15 қазандағы № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релизі
Аудандық мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 15 қазандағы № 55 шешімінің жобасы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4-тармақшасына, сәйкес әзірленген.
Шешім жобасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 6-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге сәйкестендіруді айқындайды. Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде жарияланған:
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14159873.