Мемлекеттік мекеменің жұмысы туралы «Тобыл кенті әкімінің аппараты» 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп

Мемлекеттік мекеменің жұмысы туралы

«Тобыл кенті әкімінің аппараты»

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

1. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111715, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Жеңіс көшесі, 5-үй. Телефоны (факс): 8 (71436) 2-13-06

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

        Мемлекеттік қызметтердің жоғары сапасына ашық әрі баршаға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету — мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі. Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізілімін құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, халыққа бекітілген стандарттарға сай мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында Тобыл кенті әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» № 27-ө өкімімен Тобыл кенті әкімі аппаратының мамандары өздерінің функционалдық міндеттері мен қызмет көрсету салаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетудің орындалуына жауапты болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызметтер саны барлығы көрсетілген:

49

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны.

0

- осы кезең үшін тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

49 - тегін;

0 - ақылы

- қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

47 - электрондық,

2 - қағаз

- мемлекеттік қызметтердің бекітілген ережелерінің саны

6 мемлекеттік қызмет оның ішінде:

1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

 

2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

 

3. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

 

4. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

 

5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

 

6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

      Есепті кезеңде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: 

 - «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 47 қызмет (жеке тұлғаларға - 23, заңды тұлғаларға - 24); оның ішінде «электрондық үкімет порталы» арқылы - 0.

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»: 1 қызмет (Жеке тұлғаларға – 1, заңды тұлғаларға – 0); оның ішінде – «электрондық үкімет порталы» арқылы - 0.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

   Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Ауылдық округ әкімдерінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтер» қосымша бетінде «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен стандарттарын, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болатын көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондарын, жауапты тұлғаларды және мемлекеттік қызметтерді көрсету кестелерін орналастырды.

Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдар жазылған стенділер ресімделіп, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне жауапты лауазымды тұлғалар айқындалды.

Азаматтар үшін қолжетімді жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Онда «e-gov» Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Әкім аппараты қажетті компьютерлік ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен және күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген

2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)

2025 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша материалдар жарияланды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өткен жария талқылаулар барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметке қатысты ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

2025 жыл ішінде әкім аппараты халықтың мемлекеттік қызметтерді алу бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 4 түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған түсіндіру іс-шараларымен қамтылған адамдар саны – 850 адам.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижелері олардың көрсету сапасына оң әсерін тигізуде. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы жеңілдеп, мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқаруда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің жалпы қолжетімділігі артып келеді. «Электрондық үкімет» порталынан түскен өтініштер уақтылы өңделді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

Бұл азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызметтерді алу жеделдігі мен ыңғайлылығының, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат алудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту сабақтары өткізіліп, онда өзекті тақырыптар қарастырылады, сонымен қатар мамандар аудандық семинарларға қатысады.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны — 0.

Әкім аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру кесте-жоспары негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі — қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуі және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

Есепті кезеңде кент әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу жағдайлары анықталған жоқ.

Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет алу мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында, мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері

2026 жылғы 30 наурызда әкім аппаратында 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Жеке және заңды тұлғаларды алдағы уақытта да қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта қамтамасыз ету мақсатында, 2026 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа мемлекеттік қызметтерді ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады. Мемлекеттік орган қызметкерлері мен қызмет алушылардың тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін баламалы негізде ХҚКО және ЭҮП арқылы көрсетуге көшіру жұмыстары жалғасады.

Тұтастай алғанда, 2026 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады. Қойылған міндеттерді іске асыру бойынша нақты шаралар, сондай-ақ кемшіліктерді жою және проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстар мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уақтылылық пен сапа критерийлері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
07 апреля 2026