1) Қызмет беруші туралы мәліметтер: «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ. Заңды мекенжайы: 11700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Б.Майлин көшесі 4. E-mail: v.bayer@kostanay.gov.kz , телефон 8(71436)3-63-88. Бөлім басшысы – Вадим Николаевич Байер.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді – «Спорттық разрядтар беру: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2025 жылы 115 (жүз он бес) мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және айыру, төсбелгілерді беру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз нысанда көрсетіледі, сондай-ақ олардың сипаттамасы.
1) Мәліметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы:
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында https://www.gov.kz/services/3115 "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты деректерді өзектендіру жүргізіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, байланыс ақпараты орналастырылады. Мемлекеттік мекемеде нормативтік – құқықтық актілері бар стендтер ресімделді, жауапты лауазымды тұлға З. М. Бейсенгулова, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету үшін тағайындалды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік мекеменің жұмысы туралы ақпарат жарияланады, аудандық "ÁIET SHAMSHYRAYY" газеті 2025 жылғы 12 маусымда № 23.
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Бейімбет Майлин ауданының спортшылары мен дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты негізде кеңестер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері олардың сапасына оң әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жеңілдетілуде, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіндегі мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылуда.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін дене шынықтыру және спорт бөлімі Мемлекеттік корпорациямен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында құқықтық білім мектебінде тұрақты негізде семинар-кеңестер өткізіледі.
Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру Жоспары-Кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету осы процесті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады:
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;
- Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 НҚ бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі.
- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын, оның ішінде «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы сапалы түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.