Белинский ауылдық округі әкімі шешімнің жобасы
|
Кайранкөл ауылдық округ әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 «Мақсұт ауылының қөшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 қаулысымен және «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген)
бірлескен қаулысына сәйкес, Белинский ауылдық округ әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Белинский ауылдық округінің Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағындағы «Қайранкөл ауылдық округі әкімінің» деген сөз тіркесі «Белинский ауылдық округі әкімінің» деген сөз тіркесіне ауыстырылсын»;
2-тармақ алынып тасталсын.
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Белинского ауыллық округінің әкімінің м.а. Н. Кошеров