Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің «Бейімбет Майлин ауданында бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27723 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Бейімбет Майлин ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Бейімбет Майлин ауданының әкімі
|
|
Қ. Мыржақыпов
|