2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеуге мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Бюджет Кодексінің, Салық кодексінің нормалары, Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негіз болды. Бұдан басқа, аудан бюджеті Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер мөлшері туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 267 шешіміне және «Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №266 шешіміне сәйкес әзірленген.
2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет пен Тобыл кентінің бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 218 шешімімен бекітілген.
Бейімбет Майлин ауданының 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеті Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 218 шешімімен бекітілді.