Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» 4-қосымшасында:
15-тармақ келесі мазмұндағы 16), 17), 18), 19) ттармақшалармен толықтырылсын:
«16) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз ету;
17) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
18) меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, мемлекеттік шығармашылық Тапсырыс қызметтерін орындаушылардың түрлері мен типтеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін іске асыруды, оның сапасын бақылауды және электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда атаулы игеруді қамтамасыз етеді».
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
1) 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 5, 6, 7 абзацтарын қоспағанда.
|
Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов |
|