"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 233 қаулысы
Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінің" 8-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
|
Бейімбет Майлин ауданының әкімі |
Қ. Мыржақыпов |
|
|
|
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің |
|
|
|
2023 жылғы 14 қыркүйектегі |
|
|
|
№ 233 қаулысына |
|
|
|
8 қосымша |
|
|
|
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің |
|
|
|
2025 жылғы 12 қарашадан |
|
|
|
№ 233 қаулысына |
|
|
|
8 қосымша |
|
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
1) құқықтар:
- Өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы міндетті бұйрықтар мен басқа да актілер шығару;
- өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
- жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша өзiнiң негiзгi қызметiн жоспарлау және жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау секторларының дамуын айқындау;
2) міндеттері:
- осы Ережеге сәйкес мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органның атынан өкiлдiк етедi;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтауға;
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
1) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіру;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың қабылдануын қамтамасыз ету;
3) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және олардың іске асырылуын талдау;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттік қажеттіліктерді болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету және кедейлiктi азайту жөнiндегi шаралар саласындағы мемлекеттiк әлеуметтiк саясатты iске асыру;
6) статистикалық және ведомстволық есептерді дайындау және ұсыну, бөлімнің құзыреті шегінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетуді бақылау;
7) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді және дамудың индикативті жоспарын қалыптастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;
9) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін тағайындау және төлеу;
11) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
12) мұқтаж мүгедектерді протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнайы көлік құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін, ымдау тілі маманын және жеке көмекшілердің қызметімен қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
14) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беру;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;
16) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
18) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру, ұзарту және қайтарып алу
19) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жүзеге асыру;
20) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығы бар адамдарға курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу;
21) қарттар мен мүгедектерге үйде күтім көрсету жұмысын бақылау;
22) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдау;
23) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
24) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік құрамдас бөлігінің іске асырылуына бақылау және жүзеге асыру;
25) өмірлік қиын жағдайдағы жеке тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау.
26) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
27) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын орындау;
28) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын анықтамалар беру;
29) өмірлік қиын жағдайдың басталуына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жеке тұлғалардың (отбаларының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар беру жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
30) қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша кәмелетке толған азаматтардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот талқылауына қатысады;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және қажетті шараларды қабылдайды;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының мәртебесі мен өкілеттігі
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындалуы міндетті нұсқаулар береді;
4) бөлім ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кез келген орынсыз шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады.
5) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды және қажетті шараларды қабылдайды;
8) ресми құжаттамаға қол қояды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК