«Бейімбет Майлин ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі қаулысының жобасы

Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бейімбет Майлин ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 180 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бейімбет Майлин ауданының әкімі

 

 

           Қ. Мыржақыпов



 

Бейімбет Майлин ауданында орналасқан жер учаскелерінің тізімі

 

 

1) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Журавлевка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі              12-189-025-300, алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

2) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-056-022,                  алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

3) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі, Павлов ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық                            нөмірі 12-189-050-365, алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

4)Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-054-040,                       алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

5) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-039-552,                алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

6) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-026-040,                        алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

7) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-036-113,                       алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

8) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-049-160,                    алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

9) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-023-179,                   алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

10) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округі, Новоильинов ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-041-567, алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі;

11) Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі, Павлов ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-189-046-1193, алаңы – 0,0098 гектар қолданыстағы сібір жарасы көмілген орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскесі.

 

«Бейімбет Майлин ауданының аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Ескерту

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Актіні қабылдау оны іске асыруға байланысты қаржылық шығындарға әкеп соқпайды

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Мақсаты-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру.

Мерзімі-алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

6.

Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Жоқ

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Жоқ

 

Дата публикации
03 октября 2025