Бейімбет Майлин ауданы бойынша шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы
2025 жылғы 26 қазанда өтетін шығып қалғандардың орнына Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты депутаттары сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды:
№ 1 сайлау округінде
Сайлау науқанының барысында 3 – кандидат ұсынылды. Оның 1-і –саяси партиядан («AMANAT» партиясы), 2 – і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам.
1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияның мүшесі болып табылады, 2 – партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 35 жас.
3 кандидаттың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 2 – мемлекеттік мекемеде, 1 – коммерциялық құрылымында жұмыс істейді.
№ 2 сайлау округінде
Сайлау науқанының барысында 3 – кандидат ұсынылды. Оның 1-і –саяси партиядан («AMANAT» партиясы), 2 – і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам.
1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияның мүшесі болып табылады, 2 – партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 38 жас.
2 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта-арнайы .
Кандидаттардың 1 – мемлекеттік мекемеде, 1 – коммерциялық құрылымында жұмыс істейді, 1 – уақытша жұмыс істемейді.
№ 10 сайлау округінде
Сайлау науқанының барысында 3 – кандидат ұсынылды, 3 – і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам.
0 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияның мүшесі болып табылады, 3 – партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 33 жас.
1 кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта-арнайы, 1 – орта білімі бар.
1 кандидат коммерциялық құрылымында жұмыс істейді, 2 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 0 кандидатты тіркеді.
Қазіргі уақытта мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда.
Тіркеудің мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2025 жылғы 25 қазанда күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.