Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі» 4-қосымшасы, көрсетілген қаулымен бекітілген:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану».
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.