"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" ММ
459 бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы
2026-2028 жылдардың жоспарлы кезеңі
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 099 Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шараларды іске асыру
Мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды және атауы (мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес):
жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындыларын дайындау.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды және атауы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес):
Мемлекеттік қызмет түрі: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
кіші түрлер 416: ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы беру;
Сипаттамасы (негіздемесі), оның ішінде ағымдағы мәртебесі:
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен әлеуметтік саласының мамандарын, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін ең төменгі есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу түрінде ынталандыру.
Бағдарламаны іске асыру ауылдық елді мекендерге білім беру, денсаулық сақтау саласында 30 маман тартуға мүмкіндік береді.