2025 жылғы 1 маусымда өткен Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2025 жылғы 1 маусымда Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне 1091 азамат енгізілді, олардың 843 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 18.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мұханов Ж.Б. - 638; Сағитов А.Б. - 92; Сайлыбаев А.С. - 85.
Асенкритов ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мұханов Жасұлан Балғабайұлы, 1986 жылы туған, Асенкритов ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылында тұрады, Қостанай облысы бойынша «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалы ұсынылған.