"Шектеу іс-шараларын белгілеуді алып тастау туралы" Калинин ауылдық округі әкімі шешімінің жобасы

Жоба

Шектеу іс-шараларын белгілеуді

алып тастау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № 01-20/628 ұсынымы негізінде, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

  1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округінің Береговое ауылында орналасқан "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алынсын.
  2. Калинин ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 4 шешімінің (2020 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9455 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бейімбет Майлин аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ауылдық округтің әкімі

 

А. Испулова

 

"Шектеу іс-шараларын белгілеуді алып тастау туралы" Калинин ауылдық округі әкімі шешімінің жобасы
Дата публикации
30 октября 2020