Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
№ 723 сайлау учаскесінің
учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің
міндеттерін атқаруды тоқтата тұру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 20-бабының 12-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Асенкритов ауылдық округінің әкімін сайлау науқаны кезеңінде № 723 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Анна Алексеевна Панакшинаның міндеттерін атқаруы уақытша тоқтатылсын.
2. Осы қаулы № 723 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын.
3. Осы қаулы Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында орналастырылсын.
Комиссия төрайымы О. Кабанова
Комиссия хатшысы Ә. Бердалинова
Әйет ауылы,
2025 жылғы 11 мамыр,
№ 11/9