"Бейiмбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

 

Бейiмбет Майлин ауданының

Асенкритов ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына  сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бейімбет Майлин ауданы Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалсын.

2. 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Бейімбет Майлин ауданы Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және  өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.

 

Комиссия төрайымы                            О. Кабанова

Комиссия хатшысы                              Ә. Бердалинова

Әйет ауылы,

2025 жылғы 23 сәуір,

№ 6/6

"Бейiмбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
23 апреля 2025