«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кіріспе
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің оң имиджін тәрбиелеу және отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған.
Конкурс 15 мамырдан кешіктірмей жарияланады.
Байқау туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ МАМ, ЖАО және т.б. әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 өзгерістермен 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Конкурстың мақсаты:
1) Отбасы институтын, имандылықты, руханиятты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау;
2) Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың мүгедектер пен қарт ата-аналарына қамқорлық көрсетуін кеңінен насихаттау;
4) Қазақ отбасының жағымды имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының форматын жаңарту және жетілдіру үшін, әрі байқауды заман талабына сай, заманауи, қолжетімді ету үшін бірқатар жаңа идеяларды ұсынамыз.
Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін конкурсты өткізу тәртібіне келесідей ұсыныстар енгізілсін:
- Отбасылық дәстүр апталығы: отбасылар өздерінің ерекше салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсетеді, видео түсіреді немесе осы дәстүрлердің отбасы үшін маңызы туралы эссе жазады.
- Денсаулық және спорт апталығы: отбасылар спорттық іс-шараларға қатысып, белсенді өмір салты мен дұрыс тамақтану тақырыбында жобалар жасайды.
- Шығармашылық және өнер апталығы: отбасылар өздерінің бірлескен шығармашылық жобаларын, хоббиін, атап айтсақ отбасылық сурет, қолөнер көрмесі немесе фото көрмесін көрсетеді
- Экология апталығы: отбасылар табиғатқа қалай қамқорлық жасайтынын, экологиялық жобаларды жүзеге асыратынын немесе қоршаған ортаны қорғау шараларына қатысатынын көрсете алады.
- Патриоттық тәрбие апталығы: Азаматтардың, әсіресе жастардың бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін, тарихқа, мәдениетке, салт-дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар.
Тақырыптық апталар отбасылық құндылықтар мен түрлі саладағы жетістіктерді анықтауға ықпал етеді.
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 20 қаңтардан 15 мамырға дейін.
Күтілетін нәтижелер: