Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 98 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 мамырда № 9918 болып тіркелді
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 29.01.2025 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 29.01.2025 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Аудан әкімі |
К. Муржакупов |
|
|
|
Әкімдіктің |
|
|
|
2021 жылғы 18 мамырдағы |
|
|
|
№ 98 қаулысына |
|
|
|
қосымша |
|
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 29.01.2025 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның концерттік зал меңгерушісі (басшысы);
4) музыкалық жетекші;
5) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6) хореограф;
7) дыбыс режиссері;
8) режиссер;
9) қоюшы режиссер;
10) аккомпаниатор;
11) концертмейстр;
12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
13) кітапханашы;
14) библиограф;
15) редактор (негізгі қызметтер);
16) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
17) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК