Мәслихаттың 2020 жылғы 19 тамыздағы № 406 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 89 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 сәуірде № 10175-10 болып тіркелді
Аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.".
|
Бейімбет Майлин аудан маслихатының төрағасы |
Д. Мартин |