ҮЕҰ үшін маңызды ҮЕҰ Дерекқорына есептер беру жалғасуда ҮЕҰ
Дерекқорына мәліметтерді ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға арналған конкурсқа қатысу үшін шарт болып табылады
Сонымен қатар ҮЕҰ дерекқорында болу ұйымдарға қазақстандық ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен әріптестікке мүмкіндік береді 2025 жылы үкіметтік емес ұйымдар мәліметтерді (2024 жылғы есеп) ескі платформадан автоматты түрде жібере отырып, жаңартылған портал және функционал арқылы тапсыруды жүзеге асыратын болады www.infonpo.gov.kz .
Мәліметтерді оңайлату және уақтылы тапсыру мақсатында Жаңартылған платформада келесі сілтеме бойынша жаңа платформа арқылы есептілікті тапсыру туралы бейненұсқаулық орналастырылды https://esep.govtec.kz/video.mp4
Естеріңізге сала кетейік, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы деректерді "ҮЕҰ Дерекқорына" ұсынудың кезекті кезеңі өткен 2024 жылы 1 қаңтардан басталып, 2025 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады