Бекітемін
Бейімбет Майлин ауданының әкімі
______________Қ. Мыржақыпов
«___»__________2020 ж.
2020 жылғы 3 тоқсандағы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің есеп беру кездесуінің барысында айтылған, тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
№ |
Айтылған ұсыныстар/ескертулер |
Орындау мерзімі
|
2020 ж. 3 тоқсан ішінде орындау |
|
Бейімбет Майлин ауданы |
|||
|
1. |
«Лаврик» ШҚ Оренбург а. жер учаскесін бөлу мүмкіндігін қарастыру
|
2020 жыл мамыр |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 -бабы 3- тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Оренбург ауылындағы жер учаскесіне қатысты уақытша жер пайдалану құқығын сату бойынша аукцион жүргізілді. Аукцион 2020 жылғы 2 маусымда электрондық түрде жүргізілді. Аталған лоттың жеңімпазы «Такиш» ШҚ басшысы Т.В. Лаврик болды. Жер учаскесі коммерциялық мақсат үшін нысаналы мақсатпен 6 жылға берілді.
Ұсыныс орындалды. |
|
2. |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету
|
2020 жыл желтоқсан |
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігімен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ағымдағы жылы осы іс-шараға 302 млн. 214 мың теңге бөлінді, 72 жас маманға тұрғын үй алу немесе баспана құрылысы және көтерме жәрдемақы алу үшін несие беру жоспарлануда, бірінші кезекте әлеуметтік қолдау шараларымен алдыңғы жылдары алмаған қызметкерлер қамтылады. 2020 жылғы шілде мен қыркүйек аралығында 11 маманға бюджеттік кредит берілді, былтырғы жылғы мамандардың кезектілігі жабылдығ 2020 жылғы 1 қазанда кезекте 7 маман тұр, олар кредитті 2020 жылғы қазанда алады. Сондай-ақ 40 маманға көтерме жәрдемақы аударылды, қазанда тағы 13 мманға көтерме жәрдемақы аударылады.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда. |
|
3. |
Красносельск а., Әйет ауылдық округінде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету құрылысы бойынша ЖСҚ жеткізушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімін жүргізу мәселесін өңдеу
|
2020 жыл мамыр |
2020 жылы аудандық бюджеттен «Бейімбет Майлин ауданы Красносельск ауылының су құбыры мен таратушы торабының құрылысы» жобасының ЖСҚ өңдеу және сараптамасына 14 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ өңдеуге 25.02.2020 ж. 10404,464 мың теңге сомасына (ҚҚС) конкурс жарияланды. 12 әлеуетті жеткізуші өтінім жіберді. Конкурстың қорытындысы бойынша «СанжарПроектСервис» ЖШС жеңімпаз атанды, онымен 9905,05 мың теңге сомасына 16.04.2020 ж. №22 келісімшарты жасалды. Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2020 жылғы 1 қарашаға дейін; Жобаның сараптамасын алу – 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін.
Ұсыныс орындады. |
|
4. |
Әйет ауылынан қоқысты шығаруға ҚТҚ полигонымен келісімшарт жасасу |
2020 жыл сәуір |
Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың сәуірінен шілдеге дейін «Рамазан-2004» ЖК қоқысты шығару бойынша бірыңғай операторымен Әйет ауылының тұрғындарымен 300 келісімшарт жасалды. Оның ішінде 393 абоненті бар 37 көппәтерлі үй, 70 абоненті бар жеке меншік секторындағы 5 көше (Строительный, Совхозный, Восточный, Е.Омаров, Республика). «Рамазан-2004» ЖК Қазпошта ғимаратында бөлме жалдап отыр. 2019 жылы «Қалдықтарды нормалаудың Қазақ орталығы» ЖШС ҚТҚ жинау және шығару бойынша, сонымен бірге Б.Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу мөлшері мен жиналуы есебінің тарифтік есебі жұмысы жүргізілді. Қазіргі таңда әділет органдарында ҚТҚ мөлшері мен тарифтерін бекіту бойынша нормативтік-құқықтық актісімен (НҚА) келісу бойынша жұмысы жүргізіліп жатыр.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда. |
|
5. |
Әйет ауылында жеткіліксіз жол белгілерін жөндеу және орнату бойынша мәселені қарастыру және ұсыныстар енгізу
|
2020 жыл сәуір |
Қазіргі таңда аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімімен Әйет ауылдық округіне тіреуіштер және бағаналармен 87 жол белгілері алынды және берілді, аудан орталығында белгілерді орнату кестеге сәйкес жүргізіледі. 2020 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан арылығында Әйет ауылы Набережный, Жабағы-Батыр,Тәуелсіздік, Болашақ, Республика, Б.Майлин,Темірбаева көшелері бойынша, Красносельск а. Комсомольская көшесі бойынша 84 жол белгілері орнатылды,ЖК «Болашақ» А.Ж.Алинмен 3 жол белгісіне аудан әкімдігінің ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімімен келісілуде. Жол белгілерін орнату үшін аудандық бюджеттен 0,8 млн. теңге бөлінді.
Ұсыныс орындалды. |
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары М.Е. Ахметов
Аудан әкімінің орынбасары Д.Б. Баранбаев
Аудан әкімінің орынбасары Н.А. Манасова
Аудан әкімі аппаратының басшысы А.А. Балан