Аудандық сайлау комиссиясының Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округінің, Тобыл кентінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарламасы
Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14 - бабының 9 -тармағына, 45 - бабына, 113-11 - бабына сәйкес 2024 жылғы 17 қыркүйектегі шешіммен 2024 жылғы 15 қыркүйекте сайланған Нұрлыбек Амангелдіұлы Көшеров Белинский ауылдық округінің әкімі, Азамат Бақытжанұлы Бердалинов Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің әкімі ретінде тіркеді.