2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылдық округі, Тобыл кенті әкімдерінің сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2024 жылғы 15 қыркүйекте Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылдық округі, Тобыл кенті әкімдерінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылдық округі, Тобыл кенті әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:
Белинский сайлау округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне 366 азамат енгізілді, олардың 297 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 21.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Арестанбаев Е.Б. - 29; Көшеров Н.А. - 210; Сайлыбаев Ә.С. - 31.
Белинский ауылдық округінің әкімі болып сайланған Көшеров Нұрлыбек Амангелдіұлы, 1975 жылы туған, Белинский ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Қайыңдыкөл ауылында тұрады, "AMANAT" Партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының филиалмен ұсынылған.
Тобыл сайлау округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне 4349 азамат енгізілді, олардың 2824 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 63, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 77.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бердалинов А.Б. - 2154; Есмағомбетов Б.Ғ. - 262; Сағитов А.Б. - 268.
Тобыл кентінің әкімі болып сайланған Бердалинов Азамат Бақытжанұлы, 1979 жылы туған, Тобыл кенті әкімінің орынбасары, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.