«Әкімдіктің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 66 «Транстелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қауылысының жобасы

Жоба

Әкімдіктің 2019 жылғы 27 наурыздағы

№ 66 «Транстелеком» акционерлік

қоғамына қауымдық сервитут белгілеу

туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» 2019 жылғы    24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әкімдіктің «Транстелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2019 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8318 болып тiркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының кіріспесінде «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деп ауыстырылсын.

  1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

К. Испергенов

 

 

 

 

 

«Әкімдіктің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 66 «Транстелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қауылысының жобасыгода № 66 «Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Транстелеком»
Дата публикации
30 сентября 2020