Жоба
Әкімдіктің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 119
«Транстелеком» акционерлік қоғамына қауымдық
сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әкімдіктің «Транстелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2019 жылғы 16 мамырдағы № 119 қаулысына (2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8456 болып тiркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінде «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деп ауыстырылсын.
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі
|
|
К. Испергенов
|