ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАНЖОСПАРЫ

1.     Бағдарлама паспорты

Атауы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы.
«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығы.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы.
Ауданның негізгі сипаттамасы Бейімбет Майлин ауданы 1936 жылы 29 шілдеде құрылған, облыс орталығының батыс бағытында, Зауралья, Батыс Сібір және Орталық Қазақстан қиылыстарында орналасқан. Аудан Ресей Федерациясы және облысымыздың бес ауданымен шектеседі (Федоров, Қостанай, Әулиекөл, Қамысты және Денисов).
Аудан орталығы – Әйет ауылы, 1903 жылы құрылған, Аят өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Ауданның құрамына 4 ауыл, кент және 8 селолық округ пен 36 ауылдық елді мекен кіреді.
Аудан аумағында отыздан астам ұлт және халықтық ұлыстар тұрады.
2019 жылғы 1 қарашаға қарасты жағдай бойынша аудан тұрғындары 24377 адамды құрады.
Тірек ауылдар - Асенкритовка және Новоильиновка. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 9 ауыл дамудың жоғарғы потенциалына, 27 – орта потенциалына жатады. Тобыл кенті, Әйет, Баталы, Қызыл-Жар және Приреченское ауылдары өте тығыз қоныстанған, ең кем қоныстанған - Жамбаскөл, олардағы халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 0,06-дан 3,7 адамды құрайды.
Бағыттар Экономика
Әлеуметтік сала
Қоғамдық қауіпсіздігі және құқықтық тәртіп
Инфрақұрылым
Экология және жер ресурстары   
Бағдарлама мақсаттары 1. Өңдеу өнеркәсібінің көлемін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2. Инвестициялық салымдарды тарту арқылы аудан экономикасының тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету. Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейін арттыру.
3. Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін агро өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі.
Еттің экспорттық әлеуетін арттыру.
4. Ішкі сауданы даму есебінен ауданның экономикалық шамасын арттыру.
5. Табиғи-математикалық пәндерді оқыту барысында тәжірибелік және техникалық бағыттарды күшейту. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
6. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың санын азайту. Халықтың денсаулығын нығайту.
7. Аз қамтылған азаматтарды тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
8. Отандық мәдениетті сақтау, көпшілікке тарату және насихаттау.
9. Бұқаралық дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау, сондай-ақ жоғары сыныпты спортшылар мен спорт резервін сапалы дайындау.
10. Туристік саланы дамыту үшін жағдай жасау.
11. Көшелер мен басқа қоғамдық орындарда құқықтық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту. Жол – көлігінің апатты оқиғасынан және олардың салдарынан жол қозғалысына қатысу азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау деңгейін арттыру.
12. Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту және жетілдіру, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру.
13. Құрылыс көлемін, оның ішінде тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру.
14. Автомобиль жолдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жолаушылар көлігінің қатынасымен қамтылған елді мекендердің санын арттыру.
15. Өңірдің экожүйесін сақтау және қайта құру бойынша жағдайды қалыптастыру
Нысаналы
индикаторлар
1. Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің индексі.
2. Ауданның өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі.
3. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі.
4. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі.
5. Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі.
6. Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.
7. Аналардың өлім-жітімі.
8. Нәрестелердің өлім-жітімі.
9. Жұмыссыздық деңгейі.
10. Жұмыспен қамтуга жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы.
11. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі.
12. 1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына (кітапханаларға) (келу) келушілердің орташа саны.
13. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту.
14. 1000 адамға шаққанда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.
15. Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру.
16. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.
17. 10 000 тұрғынға қылмыстылық деңгейі.
18. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.
19. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы ауданы.
20. Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету.
21. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі.
22. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату олардың пайда боуына қатасты үлесі кәдеге жарату олардың пайда болуына қарай үлесі.
23. Экологиялық талаптарға және Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан).
24. Халықты Ағынды суларды тазартумен қамту.
Қажет ресурстар Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыз қаражаттары  
Қаржыландыру көлемдері:
Республикалық бюджет - 355,8 млн. теңге, соның ішінде:
2016 жылы – 65,9 млн. теңге
2017 жылы – 118 млн. теңге
2018 жылы – 57,3 млн. теңге
2019 жылы – 57,3 млн. теңге
2020 жылы – 57,3 млн. теңге
Ұлттық фонд қаражаттары – 287,3 млн. теңге, соның ішінде:
2016 ж. – 66,5 млн. теңге
2017 ж. – 220,8 млн. теңге
ҚР Үкіметінің арнайы резерв шотының есебінен– 76,2 млн. теңге, соның ішінде:
2016 ж. – 76,2 млн. теңге
Облыстық бюджет – 80,3 млн. теңге, соның ішінде:
2016 ж. – 30,4 млн. теңге
2018 ж. – 49,9 млн. теңге
аудандық бюджет – 693 млн. теңге, соның ішінде:
2016 ж. – 149,8млн. теңге
2017 ж. – 162,2 млн. теңге
2018 ж. – 127 млн. теңге
2019 ж. – 127 млн. теңге
2020 ж. – 127 млн. теңге
меншікті қаражат– 1173 млн. теңге,соның ішінде:
2016 ж. – 39,7 млн. теңге
2018 ж. – 5 млн. теңге
2019 ж. – 1100 млн. теңге
2020 ж. – 28,3 млн. теңге
Қарыз қаражаттары– 3576,6 млн. теңге, соның ішінде:
2016 ж. – 189,6
2019 ж. – 3387
Барлығы: 6242 млн. теңге
Соның ішінде жылдар бойынша:
2016 ж. – 618,1 млн. теңге
2017 ж. – 501 млн. теңге
2018 ж. – 239,2 млн. теңге
2019 ж. – 4671,3 млн. теңге
2020 ж. – 212,6 млн. теңге
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ
Дата публикации
29 сентября 2020