Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Учаскелік сайлау комиссиясы
мүшесінің міндеттерін орындауды тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 20-бабының 12-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Белинский ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау науқаны кезеңіне № 726 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Елена Григорьевна Бимагамбетованың сайлау комиссиясы мүшесі ретіндегі міндеттерін орындау тоқтатылсын
2. Осы қаулы № 726 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын.
Төрайым О. Кабанова
Әйет ауылы,
2024 жылғы 25 тамыз,
№ 28/38