"Евгенов ауылы әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 «Евгенов ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлов ауылдық округ әкіміін жобасы

Жоба

Евгенов ауылы әкімінің 2012 жылғы

2 сәуірдегі № 1 «Евгенов ауылының

көшелеріне атаулар беру туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 8743 болып тіркелген) бірлескен қаулысына сәйкес, Павлов ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Евгенов ауылының 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 «Евгенов ауылының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-18-168 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 21 Маусымда «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесінде «Евгенов ауылы» сөз тіркесі «Павлов ауылдық округінің әкімі» сөз тіркесіне ауыстырылсын.

  1. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                               

Лауазымы

 

Аты-жөні

"Евгенов ауылы әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 «Евгенов ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлов ауылдық округ әкіміін жобасы
Дата публикации
06 августа 2020