Жоба
Қайранкөл ауылдық округі әкімнің
2011 жылғы 29қыркүйектегі № 1
«Мақсұтауылының көшелеріне атаулар
беру туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) бірлескен қаулысына сәйкес, Белинский ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайранкөл ауылдық округі әкімнің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 «Мақсұт ауылының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-18-168 нөмірімен тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде «Мақсұт ауылының әкімі» сөз тіркесі «Белинский ауыллық округінің әкімі» сөз тіркесіне ауыстырылсын.
2. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.