Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылдық округінің, Тобыл кенттік әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2024 жылғы 20 тамызда сағат 18.00-де Бейімбет Майлин ауданының Белинский ауылдық округінің, Тобыл кенттік әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Белинский сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен және бір кандидат «AMANAT» Партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Тобыл сайлау округі бойынша үш кандидат ұсынылды, үшеуі де – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024 жылғы 25 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.
Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы