2024 жылғы 18 тамызда өткен Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 18 тамызда өткен Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 18 тамызда Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне 806 азамат енгізілді, олардың 548 дауыс берді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 26.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ермұханов Т. - 387; Күлмұханбетов М.К. - 82; Оспанов С.Қ. - 42.

Байшуақ   ауылдық   округінің   әкімі   болып   сайланған     Ермұханов Талғат, 1975 жылы туған, «Бейімбет Майлин ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» ММ бас маманның міндетін атқарушы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

2024 жылғы 18 тамызда өткен Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
19 августа 2024