Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Бейiмбет Майлин ауданының
Белинский ауылдық округі, Тобыл кенті
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына, 2-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі, Тобыл кенті әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі, Тобыл кенті әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы О. Кабанова
Комиссия хатшысы Ә. Бердалинова
Әйет ауылы,
2024 жылғы 7 тамыз,
№ 26/35