"Бейiмбет Майлин ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Бейiмбет Майлин ауданы

ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауы бойынша

сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Белинский ауылдық округінің шекарасында Белинский сайлау округі құрылсын.

  2. Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті әкімінің сайлауы бойынша Тобыл кентінің шекарасында Тобыл сайлау округі құрылсын.

  3. Сайлау округтерінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.

Комиссия төрайымы                                       О. Кабанова

Комиссия хатшысы                                          Ә. Бердалинова

 

Әйет ауылы,

2024 жылғы 7 тамыз,

№ 26/34

"Бейiмбет Майлин ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
07 августа 2024