Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Байшуақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы Байшуақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Ермұханов Талғат, 1975 жылы туған, «Бейімбет Майлин ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» ММ бас маманның міндетін атқарушы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Күлмұханбетов Мәулен Кәрімұлы, 1962 жылы туған, «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Павловка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Оспанов Серік Құсайынұлы, 1966 жылы туған, «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.