Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2024 жылғы 23 шілдеде сағат 18.00-де Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша сайлау округінде барлығы үш кандидат ұсынылды, үшеуі де – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024 жылғы 28 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы