"Бейiмбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Бейiмбет Майлин ауданының

Байшуақ ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1- бабы  1-тармағының 3 тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 18 тамызға  тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 18 тамызға тағайындалған Бейімбет Майлин ауданының  Байшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және  өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.

Төрайым                                               О. Кабанова

Хатшы                                                  Ә. Бердалинова

 

Әйет ауылы,

2024 жылғы 10 шілде,

№ 22/28

"Бейiмбет Майлин ауданының Байшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
10 июля 2024