2024 жылғы 23 маусымда өткен Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2024 жылғы 23 маусымда Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне 546 азамат енгізілді, олардың 371 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 63.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Барменова М.Т. - 217; Бермұхамбетова В.М. - 43; Қожахметова А.А. - 45.
Павлов ауылдық округінің әкімі болып сайланған Барменова Мирамкүл Темірханқызы, 1988 жылы туған, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Апанов негізгі орта мектебі» КММ басшысы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Апановка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының филиалы ұсынған.