Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Павлов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы Павлов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Мирамкүл Темірханқызы Барменова, 1988 жылы туған, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Апанов негізгі орта мектебі» КММ басшысы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Апановка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының филиалы ұсынған.
Венера Мырқайдарқызы Бермұхамбетова, 1979 жылы туған, «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Айсұлу Амантайқызы Қожахметова, 1982 жылы туған, «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.