Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2024 жылғы 28 мамырда сағат 18.00-де Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша сайлау округінде үш кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен және бір кандидат «AMANAT» Партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024 жылғы 2 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
Бейiмбет Майлин ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы