2024 жылғы 19 мамырда өткен Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 19 мамырда өткен Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 19 мамырда Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне 1769 азамат енгізілді, олардың 1211 дауыс берді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны - 68, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 56.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есмағомбетов Б.Ғ. - 120; Сапабеков С.С. - 850; Оспанов С.Қ. - 117.

Калинин   ауылдық   округінің   әкімі   болып   сайланған     Сапабеков   Сүндетбай Сәлімжанұлы, 1976 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылда тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

2024 жылғы 19 мамырда өткен Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
20 мая 2024