Бейімбет Майлин ауданы әкімінің сайлау  учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы

Бейімбет Майлин ауданы әкімінің сайлау  учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы

Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 23-бабының 5-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің аумағында ұйымдастырылған сайлау учаскелерінің шекарасы туралы сайлаушыларға хабарлаймын:

Павлов ауылдық округі сайлау учаскелерінің шекаралары:

№ 708 сайлау учаскесі

Павловка ауылының шекарасында.

Учаскенің орналасқан жері: Павловка а.,  Специалисты тұйық к-сі, 122, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты.

№ 718 сайлау учаскесі

Евгеновка ауылының шекарасында.

Учаскенің орналасқан жері: Евгеновка а., Строительная к-сі, 4, бұрынғы мектеп ғимараты.

№ 733 сайлау учаскесі

Апановка ауылының шекарасында.

Учаскенің орналасқан жері: Апановка а., Новая к-сі, 59, мектеп ғимараты.

Бейімбет Майлин ауданы әкімінің сайлау  учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы
Дата публикации
15 мая 2024