Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Бейiмбет Майлин ауданының
Павлов ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бейімбет Майлин ауданының Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Павлов ауылдық округі Павлов ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
Сайлау округінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы О. Кабанова
Комиссия хатшысы Ә. Бердалинова
Әйет ауылы,
2024 жылғы 15 мамыр,
№ 15/19