Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Бейiмбет Майлин ауданының
Павлов ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына, 2-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің әкімі сайлауы 2024 жылғы 23 маусымға тағайындалсын.
2024 жылғы 23 маусымға тағайындалған Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы О. Кабанова
Комиссия хатшысы Ә. Бердалинова
Әйет ауылы,
2024 жылғы 15 мамыр,
№ 15/20