2024 жылғы 21 сәуірде өткен Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2024 жылғы 21 сәуірде Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне 3817 азамат енгізілді, олардың 2516 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 16, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 86.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әлімбаев Ә.М. - 219; Қожахметов А.М. - 255; Назарбаев Е.К. - 1940.
Әйет ауылдық округінің әкімі болып сайланған Назарбаев Ерлан Кенжетайұлы, 1986 жылы туған, «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.