Бейімбет Майлин ауданы әкімінің сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы
Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 23-бабының 5-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округінің аумағында ұйымдастырылған сайлау учаскелерінің шекарасы туралы сайлаушыларға хабарлаймын:
Калинин ауылдық округі сайлау учаскелерінің шекаралары:
№ 719 сайлау учаскесі
Юбилейное ауылының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Юбилейное а., Школьная к-сі, 8, мектеп ғимараты.
№ 728 сайлау учаскесі
Береговое ауылының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Береговое а., Первомайская к-сі, 14, мектеп ғимараты.
№ 729 сайлау учаскесі
Нагорное ауылының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Нагорное а., Рабочая к-сі, 2, мектеп ғимараты.