"Бейiмбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  

Бейiмбет Майлин ауданының

Калинин ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.

Төрайымы                                                   О. Кабанова

Хатшысы                                                     Ә. Бердалинова

 

Әйет ауылы,

2024 жылғы 10 сәуір,

№  10/13

"Бейiмбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
10 апреля 2024