Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Әйет ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы Әйет ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Әлімбаев Әділбек Маратұлы, 1998 жылы туған, «Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ бас маманы, Қостанай облысы Лисаков қаласының Октябрьский кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Қожахметов Асат Мақсұтұлы, 1991 жылы туған, «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жасау және ақпараттық технологиялар қызметінің бас маманы, Қостанай облысының Рудный қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Назарбаев Ерлан Кенжетайұлы, 1986 жылы туған, «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.