Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2024 жылғы 26 наурызда сағат 18.00-де Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша сайлау округінде барлығы төрт кандидат ұсынылды, төртеуі де – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024 жылғы 31 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.
Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы